Балаларға мектеп сөмкесін сыйлады

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Балабиев «Баланы мектепке дайындайық» партиялық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп сөмкесін табыстады.

Игі іс-шараға қалалық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжанат Баетова қатысты.

«Жалпы, бүгінге дейін қаламызда пар­тия мүшелері аталған акция аясын­да 850-ге жуық осындай сыйлықтар та­ратты. Мұндағы мақсат – жаңа оқу жылы қар­саңында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сабақты ерекше ын­тамен бастауына жағдай жасау», – деді Ербол Байқонысов.

Бұған дейін депутат қоғамдық қабыл­дау өткізіп, оған келген бірқатар ата-ана­лар балаларын мектепке дайындауға кө­мек сұраған болатын. Сол өтініштер бойынша Нұрсұлтан Балабиев жеке қа­ра­жаты есебінен оқушыларды оқу құ­ралдарымен қамтамасыз етті.

– Барша оқушыларды жаңа оқу жы­лымен құттықтаймын. Бүгінгі сыйлық­тар сабақта озат болуға көмегін тигізсін де­ген тілегім бар. Баршаңызға сәттілік тілей­мін, – деді депутат.

Айта кетейік, табысталған сөмкелер толықтай оқу құралдарымен жабдықталған. «AMANAT» партиясы бұл игі шараны жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырады.

Елнар ЕЛТАЙ