Астықты өлкелер қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы бар. Қамбаға құйылған дәннің өнімділігі жөнінен Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары жақсы көрсеткішке жетіп отыр.
Соңғы деректер бойынша, егін алқабынан 2,2 млн гектар дәнді дақыл орылып, бұл жалпы егіс алқабының 13,7%-ын құрады. Бастырылған астық көлемі – 3,1 млн тонна.
Сондай-ақ бақша дақылдары да пісіп, жиналып жатыр. Жиын-терін барысында 24,4 мың тонна майлы дақыл және гектарына 239 центнерден өнім беріп 525,5 мың тонна картоп, гектарына 286 центнерден өнім беріп 1,6 млн тонна көкөніс, гектарына 269,9 центнерден өнім беріп 1,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды.
Биыл кейбір өңірлерде жауын-шашын аз болғанына қарамастан, көкөністер мол өнім берген. Мәселен, 319,5 мың тонна қырыққабат жиналып, гектарынан 375,4 центнер өнім алынған, 256,7 мың тонна пияз жиналып, гектарынан 390 центнер өнім алынған, 98,8 мың тонна сәбіз жиналып, гектарынан 298,1 центнер өнім алынған.
Тілек ҚАБЫЛ