Республикалық біріншілік арқылы алдағы халықаралық додаларға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады.
Биыл чемпионатта еліміздің 10 өңірінен 100-ден астам спортшы бақ сынайды. Қатысушылар арасында ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген шорт-трекшілер де бар. Атап айтсақ, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Алина Ажғалиева, Мадина Жанбусинова, Ольга Тихонова.
Шорт-тректен мемлекеттік жаттықтырушы Азамат Алиевтің айтуынша, күзде 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін қажетті ұпай жинайтын лицензиялық жарыстар басталады.