Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Арман Сәбитұлы 1984 жылғы 20 сәуiрде Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туған, қазақ, білімі жоғары.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі - қаржы және несие, құқықтану: экономика саласын құқықтық реттеу.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында «Азаматаудит» ЖШС аудитордың ассистенті болып бастаған.
2008-2012 жылдары жеке секторда басшылық қызметтер атқарды.
2011-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі.
2016-2017 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2017-2018 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2018-2019 жылдары - Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2020-2023 жылдары - Түркістан облысы әкімінің орынбасары.
2023 жылдың маусым айынан бастап 2025 жылдың 7 тамызына дейін Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі қызметін атқарды.