Жезқазған-Астана пойызы басқа пойызбен қақтығысып қала жаздады

Оқиғаға байланысты ҚТЖ ресми мәлімдеме жасады.

Теміржолда үлкен апат бола жаздады. Telegram-дағы Koza4kov арнасының хабарлауынша,  Жезқазған-Астана бағытындағы жолаушылар пойызы тауарлық пойызбен соқтығысқан.

Куәгерлердің айтуынша, жолаушылардың кейбірі орындарынан құлап, дәрігерлерді күтуде. 

Оқиғаға байланысты ҚТЖ ресми мәлімдеме жасады.

24 тамызда сағат 21:38 – де Қызылжар – Түйемойнақ аралығында (Жарық – Жезқазған учаскесі) №107 Жезқазған-Астана қатынасындағы жолаушылар пойызының машинисі кедергіге 300 метр қалғанда 12 км/сағ жылдамдықпен жүк вагонының жолда болуына байланысты шұғыл тежеу қолданды.

Локомотив бригадасының жедел және кәсіби әрекеті арқасында елеулі зардаптарды болдырмауға мүмкіндік туды, алайда іліп кету орын алды. Зардап шеккендер жоқ, кейбір жолаушылар қатты тежеу нәтижесінде жеңіл жарақат алды.

Пойыз 23:14-те жүрісін жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивтің зақымдануы тіркелген жоқ.

Оқиға себептері анықталуда. Мән-жайларды анықтау үшін Басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия оқиға орнына аттанып кетті, деп жазылған хабарламада