Мамандар мұндай жерлерде ұзақ жүру денсаулыққа қауіп төндіретінін айтады. Салдарынан адамның еңбекке құлшынысы азайып, қайғылы жағдайға жиі тап болады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуіне сүйенсек, сынап бағаны 20 градустан көтерілсе, еңбек өнімділігі 3%-ке дейін төмендейді. Бүйрек сырқаты пайда болып, жүйке жүйесі әлсірейді.
Жалпы, жаһанда жыл сайын аптап ыстықтан 22 миллионнан астам адам зардап шегеді. Осыған байланысты халықаралық ұйым жұмыс берушілерге қызметкерлерді қорғауда нақты шараларды қолға алуды ұсынады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.