«Кейін жауап беруге тура келетін сөз айтқым келмейді»: Сабина Алтынбекова бұрынғы күйеуі туралы айтты

Ол отбасы мен спортты қатар алып жүру оңай емес екенін жасырмады.

Волейболшы Сабина Алтынбекова Динара Сәтжанға берген сұхбатында отбасылық өмірі жайлы айтты, – деп жазды Аikyn.kz

Ол отбасы мен спортты қатар алып жүру оңай емес екенін жасырмады. Осы орайда, бұрынғы күйеуі көп көмектескенін атап өтті. Спортшы сонымен қатар бұрынғы жолдасы керемет әке екенін айтып, онымен қайта қосылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Бұрынғы күйеуім керемет әке. Ол біздің баламызды қатты жақсы көреді, олардың арасында ерекше байланыс бар. Мен ешқашан "солай жасаймын" деп айтпаймын. Мен бәрін білетін адам емеспін, тағдырым қалай өрбитінін білмеймін, ертең не болатынын білмеймін. Бірақ кейін жауап беруге тура келетін сөздерді айтқым келмейді", – деді спортшы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.