«Уақыт келді»: Ninety One тобының мүшесі құпиясын жария етті

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Ашмақын өз сүйіктісімен қарым-қатынасын жария еткен.

Ninety One тобының мүшесі, танымал әнші Азамат Ашмақын (сахнадағы аты — АСЕ) алғаш рет әке атанатынын мәлімдеді,  - деп хабарлайды Аikyn.kz  Skifnews.kz.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші қуанышты жаңалығын сүйіктісімен бірге түсірілген бейнежазба арқылы хабарлады. Сондай-ақ оны өзінің Instagram парақшасында жариялаған. 

"Біз бұл сәтті үлкен толқумен, қуанышпен күттік. Енді кішкентай құпияны ашатын уақыт келді деп ойлаймын", – деп жазды әнші.

Бейнежазбада достары қатысқан gender party сәті де көрсетілген. Онда болашақ сәбидің жынысы да белгілі болды. АСЕ пен Нұрила алдағы уақытта қыз баланың ата-анасы атанбақ.

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Ашмақын өз сүйіктісімен қарым-қатынасын жария еткен. Арудың есімі Нұрила Шакирова. Ол Instagram парақшасында өзін продюсер ретінде таныстырған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.