Франция президенті қазақ тілінде жазба жариялады

Қазақ тіліндегі жазбасында Эммануэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгімесінің егжей-тегжейін хабарлаған.

"Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада Президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық.

Сондай-ақ біз халықаралық жағдайды да қарастырдық: Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказдағы жүріп жатқан келіссөздерді", - деп жазды Франция президенті.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлескен еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.