Қызылорда облысында науқас тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмекті көрсетуде.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Төретам елді мекенінде 1989 жылы туған ер адамның жағдайы күрт нашарлаған. Шұғыл медициналық көмек қажет болған соң, оқиға орнына «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.

Науқас шұғыл түрде Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмекті көрсетуде.

Ұшу әуе кемесінің командирі Баймұса Өркен мен екінші ұшқыш Ахметов Расулбектің басшылығымен орындалды. Тікұшақты жетекші инженер Зекеев Ерсұлтан мен авиатехник Жұмабеков Асхат дайындады, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.