Иордания Королі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бұл туралы Ақораданың телеграмм каналы мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн 26-27 тамыз күндері Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.