Арба көтеретін құрылғы – жаңа жоба

Қарағанды облысында ерекше қажеттілікті талап ететін жандарға мемлекеттік қолдау күшейген.

Оларды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік көмек түрлерінен тыс қалдырмау жағы да оңтайлы ұйымдастырылған. Жақында Қарағанды қаласында жаңа пилоттық жоба іске аса бастады. Бұл да осындай жандарды қолдаудың бірі.

Біздің айтып отырға­ны­мыз да өте қажетті де әрі көптен айтылып келе жат­қан мәселе. Бірнеше жылдан бе­рі қолға аламыз деген шаруа­ның тетігі табылғандай. Яғни, Қа­рағандыда арбаға таңылған аза­маттарға арналған заманауи кө­тергіштер қолданысқа бе­ріл­ді. Енді көпқабатты үй­лер­дің жо­ғарғы қабаттарында тұ­ра­тын жандардың далаға шы­­ғуы немесе кері көтерілуі әл­­де­қайда жеңілдейді.

Айта кету керек, Sano PTR 160 мар­калы шынжыр табанды көтергіштер Қарағанды облы­сы­­ның әкімі Ермағанбет Бө­лек­­паевтың тапсырмасымен са­­тып алынды. 

Ескі үйлерде лифт пен пан­дустардың болмауы ұзақ жылдар бойы ерекше жан­­дардың ең өткір мәсе­ле­ле­рі­нің бірі болып келген еді. Бұл түйт­кіл тұрғындармен кез­де­су­лер­де бірнеше рет көтерілген бо­латын.

– Әкімге талай рет арбаға таңылған қарағандылық­тар­дың үйден шығу қиындығы ай­­тылды. Таза ауаға шығу, дү­кенге бару үшін олардың туыс­та­рынан, көршілерінен, дос­та­ры­нан көмек сұрауына тура ке­леді. Көбіне оларды қолмен тү­сіреді.  Бұл, әрине әрі қо­лай­сыз, әрі қауіпті. Кейде тіпті шұ­ғыл жолға шығу керек бол­ған­да жанында көмекке келер  адам табылмай, Төтенше жағ­дай департаменті  қызметін ша­қыруға тура келген жағ­дай­лар да болды, – дейді облыс әкі­м­інің штаттан тыс кеңесшісі Ни­яз Сүндеталиев.

Жаңа көтергіштер ар­ба­дағы адамды қауіп­сіз әрі тез қажетті қабатқа кө­те­ріп-түсіруге мүмкіндік бе­­ре­­­ді. Құрылғы әм­бебап, кез келген ар­ба түріне бейім­дел­­ген. Ал арнайы дайын­дық­тан өткен екі қызметкер құ­рыл­ғы­ны басқарып, аза­мат­тар­ға кө­мек көрсетеді.

Қызметті алу үшін кемінде бір күн бұрын +7-771-981-68-11 нөміріне өтінім беру қажет. Өтінімде мекенжай, бай­ланыс нөмірі және қыз­мет көрсетілетін уақыт көр­сетіледі.

– Адамның үйден шығу се­бебі маңызды емес. Біреу жай серуендегісі келсе де, бі­реу дәрігерге барса да – бәрі тең. Ең бастысы – әрбір адам­ның еш кедергісіз сыртқа шы­ғу құқығы бар, – дейді Нияз Сүндеталиев.

Жоба әзірге пилоттық ре­жимде жүзеге асу­да. Мамандар көтергіш­тер­дің қан­шалықты сұранысқа ие еке­нін, қай аудандарда жиі қа­жет болатынын және пай­да­лану­дың ыңғайлы уақытын анық­тап жатыр. 

Алынған нәтижелерге қа­рай жобаны кеңейтіп, қосым­ша құрылғылар сатып алу жос­парлануда. Алдағы жыл­дары осындай көтергіштер об­лыс­тың өзге қалаларына да ор­натылмақ.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы