Сенбілікте күш біріктірді

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Бұл жолғы акция қала тұрғындарының табиғатқа деген жанашырлығын көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

Тазалық жұмыстары Шым­кент­тің барлық бес ауданында бір мез­гілде өтті. Сенбілік барысында тұр­­ғындар, жастар, түрлі мекеме қыз­мет­кері мен коммуналдық сала ма­маны бірлесіп, көшелерді, аула­лар­ды, саябақтар мен қоғам­дық орын­дарды күл-қоқыстан тазартты. Нә­ти­жесінде, қала аума­ғының көп­теген аймағы жаңа келбетке ие болды.

Әл-Фараби ауданының Те­рiс­кей шағынауданындағы №33, 35 және 37 тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, балалар ойын алаң­дары мен жасыл желектер ретке келтірілді. Коммуналдық қызмет пен тұрғындардың бірлескен еңбегі көпқабатты үйлер ауласына жаңа­ша сән берді.

Абай ауданына қарасты Ақ­жайық шағынауданындағы Асфен­дияров көшесінің бойы күл-қо­қыс­тан аршылса, Еңбекші ауданында №30 мектептің аумағы мен маңы ретке келтірілді. Қаратау ауданында Нұртас шағынауданындағы Кең­жарық және Құлагер көшелері та­заланды. Ал Тұран ауданында Те­мірлан тасжолының бойындағы көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылды.

Сенбілікке қатысқан қала тұр­ғындары мұндай шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

– Табиғат – біздің амана­ты­мыз. Әрбір аула мен көше, сая­бақтың таза болуы келер ұрпаққа қалды­ратын мұрамыз. Бүгінгі сен­білік экологиялық мәдениетті қалып­тастыру жолындағы ма­ңызды қа­дам. Сондықтан мұндай бастама­ла­р­ға барша тұрғын­дар­дың қа­­тысуы қажет, – дейді ак­цияға бел­сенділік танытқан аза­маттар.

Мұндай бастамалар тек қала тазалығын қамтамасыз етіп қой­май, қоғамдағы бірлік пен ынты­мақ­ты арттырады. Әрбір қатысу­шының еңбегі ортақ іске қосылған үлес ретінде бағаланып, тұрғындар арасында өзара сыйластық пен жауапкершілікті нығайтады.

Айта кетейік, тазалық жұ­мыстарына қала жастары да бел­сенді түрде қатысты. Шымкент қа­лалық Жастар ресурстық ор­та­лығының бастамасымен көптеген волонтер мен студент жастар ак­цияға атса­лысып, өз үлестерін қосты. Олар қоғамдық орындарды тазалау, ағаш көшеттерін отыр­ғызу және қоқыс қалдықтарын сұ­рыптау жұмыс­тарын жүргізді. Жастардың бел­сен­ділігі – эко­ло­гиялық мәдениеттің болашақта тұрақты қалыптасуына негіз бол­мақ. Бұл орайда жас буын­ға та­би­ғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсін­дірудің мәні зор.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы