Тың кәсіпке тәуекел

Бүгінде отандық өнімді өндіруге ерекше ден қойылуда.

Кәсіпкерлер сырттан тауар тасымай, оны өз елімізде шығаруға күш салып жатыр. Әрине, көлік, робототехника, заманауи тұрмыстық бұйымдарды шығаруға әзірге әлеуетіміз жетпеуде. Десе де, өңір кәсіпкерлері күнделікті өмірге қажетті сұйық ұнтақ сынды тауар шығарып, тың тірлікті түлетуде. 

Жамбыл облысы Меркі ау­данындағы Әлма­хам­­бет Мамытов есімді азамат есік алдынан кір жууға арналған сұ­йық ұнтақ өндіру цехын ашып, тың кәсіпке тәуекел етіп отыр. Ол үшін Әлмахамбет «Ауыл аманаты» бағдарламасы ая­сында несие алған. Тәтті ауыл­­дық округіндегі Тәтті ауы­лы­нан кірпіші қаланған кәсіп­орынның жұмысын жолға қою үшін 5 млн 600 мың теңгені ба­ғыт­таған. Несие 5 жылға рәсім­де­ліп, «Тараз» ӘКК» АҚ арқылы қай­тарылады. Қуанарлығы, не­сиенің жылдық пайызы небәрі 2,5 пайызды құрайды. 

Талабы таудай кәсіпкер не­сие­ге алған қаражатына сұйық ұн­тақ өндіруге қажетті құрал-жаб­дықтарды сатып алған. 

– Негізі, сұйық ұнтақ шы­ғару­­ға қажетті құрал-жабдықты өзі­міз құрастырдық. Ондай тех­но­логияны шетелден алдыруға қаражатымыз жетпеді. Содан ой­лана келе бұл бағытта жұмыс іс­теп жатқан өзге өңірлердегі кә­сіпорындармен байланыс ор­натып, құрылғыға қажетті бөл­шек­терді сатып алып құрап шы­­ғардық. Алайдан ұнтаққа қа­­жетті шикізатты өзімізден дайын­­дай ал­мадық. Содан Қытай мемле­ке­тіне шығып, ұнтаққа қажетті хи­миялық сұйықтық пен иіс шы­ғарғыштарды сол елден ал­дырудамыз. 

Цехты іске қосқанымызға көп болмаса да алғашқы ай­ларында 1 тоннаға дейін өнім ал­дық. Бағасын қолжетімді етіп қой­дық. Соның арқасында сұра­ныс артты. Алайда несиені «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойын­ша алғаннан кейін «AMANAT» партиясы тарапынан тексерістер жүргізіліп, құрылғыны өзді­гі­міз­ден құрап шығарғанымыз өзі­міз­ге таяқ болып тиіп отыр. Олай дейтінім, бағдарлама бойын­ша несиеге алынған құрылғылар жаңа болуы қажет екен. Ал біз­дікі отандық бөлшектердан жа­сал­ғандықтан, оған қоса күн­делікті химиялық қоспалармен жұ­мыс істегеннен кейін сәл ес­кір­іңкіреп тұр. Сол жағы қос бүйір­ден қысуда, – дейді Әлма­хам­бет әкесінің қасында қолға­нат болып жүрген ұлы Бекмұрат. 

Мамытовтар әулетінің отбасылық кәсіп ре­тін­­де шығарып отырған ұн­тақ­тары­ның сыртына таңбаланған «Тәт­ті» атауы да тартымды. Өз­де­­рінің ту­ған ауылдарының атын асқақ­та­тып, басқа өңір­лер­ге танытуда.

– Жалпы, ауылға келіп жат­қан тұрмысқа қажетті дүниенің бәрі сырттан әкелінеді. Олардың ара­сында жарамсыздары да аз емес. Содан әкем екеуіміз ойла­н­а келе кір жууға қажетті ұнтақ­ты өз ауылымыздан шығаруға бел будық. Әрине, бастапқыда қиын болатынын түсіндік. Сон­дай қиындықтар алдымыздан қа­зірден шығып жатыр. Құрыл­ғы­ларымызға жүргізілген тек­се­рістен бөлек, күн суығанда ұн­тақ шығаратын арнайы орын бол­май тұр. Қазіргі цех күн жы­­­­­лы­да ғана жұмыс істеуге ар­нал­ған. Міне, осы мәселені бір­жақ­ты етіп шешіп алсақ, қысы-жа­зы өнім шығаруға мүмкіндік туар еді. Ол үшін, әрине қаржы керек. Ин­весторлар демеушілік жа­саса, өнім қуаттылығын есе­леп арт­тыруды көздеудеміз. Он­дай жағ­дайда жаңа жұмыс орын­дарын ашуға да мүмкіндік туады, – дей­ді Бекмұрат. 

Бекмұрат әкесі екеуі ұнтақ шығарып қана қоймай, кір сабын өндірісін де жолға қойып жатыр. Оған қажетті сода өні­мі ғана Қытай мемлекетінен алынса, қалған шикізаттың бар­лығы жергілікті жерден жи­налу­да. Әсіресе, тоңмаймен Тәтті ауылының шаруа қожалықтары-ақ қамтамасыз етуде. Бұдан Бек­мұрат иіс сабын шығаруды да жоспарлауда. Сұйық ұнтақ тү­рін де арттырмақ. Бұл бағытта ол қазір түрлі зерттеу жұмыс­та­рын жүргізуде. Егер бұл жоба­ла­ры да жүзеге асса, онда Тәтті ауы­­лындағы кәсіпорынның өні­мі өзге өңірлерге ғана емес, шет­елге де шығуға мүмкіндігі бар. 

«Кәсіптің көзін тапқан нә­сіп­тің өзін табады» дейді дана қа­зақ. Мамытовтар әулетінің от­басылық кәсібі көз сүйсінтеді. Сырт­қа көз тікпей, өз жерімізде осын­дай өнімдер шығарылып жат­қанда талапты кәсіпкерлерді тек қолдау қажет. Мемлекет бас­шы­сы бағдар беріп жүрген ауыл­дар­дағы шағын және орта биз­нес­тің дамығаны осы емес пе?! 

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы