Шығыс Қазақстандағы қайғылы жағдай: екі әйелді пойыз басып кетті

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін ғана Коршунов-Өскемен-1 (Өскемен-1-Риддер учаскесі) теміржол бойына шыққан екі әйелді пойыз басып, қайғылы жағдай болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бірі оқиға орнында жан тапсырып, екінші адам шұғыл ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

«2025 жылғы 22 тамызда сағат 10:20-да Коршунов-Өскемен-1 (Өскемен-1-Риддер учаскесі) аралығында пойыз машинисі теміржолға шыға келген әйелді көрген бойда қозғалысты шұғыл тежеуге талпынған. Алайда пойызды тоқтатып үлгеру мүмкін болмады. Оқиға салдарынан бірі қаза тауып, екінші әйел жарақат алды, бірден ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

ҚТЖ қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтады және жапа шеккен жанның тезірек сауығып кетуін тіледі:

«Компания азаматтарды теміржолда болу ережелерін қатаң сақтауға, өте мұқият және сақ болуға шақырады. Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін», – деп жазды «Қазақстан темір жолы» ҰК».