«Сенат – өңірлердің мүдделерін қорғайтын ең жоғарғы өкілдік орган. Осыған байланысты Сенат Спикері өңірлермен жүйелі өзара іс-қимылға және олардың бастамаларын қолдауға айрықша назар аударады. Мәулен Әшімбаев Палата сарапшылық қауымдастығының әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Осы міндет аясында біз жастарға арналған дәрістер сериясынан тұратын жобаны іске қостық», – деді Сенат Төрағасы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Жасұланбек Майлыбай.
Сарапшылар жастардың дүниетанымын кеңейтіп, тұлғалық дамуына ықпал ететін бірнеше бағыт бойынша сөз сөйледі. Тақырыптар қатарында кәсіби дағдыларды дамыту, жасанды интеллектіні пайдалану, менталдық денсаулық, кәсіпкерлік және басқа да өзекті мәселелер болды. Қатысушылар мұндай кездесулерді тұрақты өткізу қажеттігін атап өтті. Дәрістер қорытындысында ең белсенді тыңдаушыларға кітаптар сыйға тартылды.
Кездесулер Павлодарда және Семейде өтіп, кейін Абайдың кіндік қаны тамған жері – Қарауыл ауылында жалғасын тапты. Мұнда дәрістер негізінен еріктілерге, мектеп оқушыларына және ұстаздарға арналды. Сондай-ақ сарапшылар тарихи-мәдени орын – Жидебайға барып, Абай рухына тағзым етті.