Қытайда чикунгунья вирусын жұқтырғандар саны артты

Індет Фошань қаласында өршіп тұр.

Қытайда чикунгунья вирусымен күрес шаралары күшейтілді. Елде індеттің жаппай таралу қаупі сейілмей тұр. Гуандун провинциясында аурудың белгілері бар науқастар саны күрт артты.

Чикунгунья – кәдімгі масалар арқылы тарайтын індет. Оның белгісі: жұқтырған адамның қызуы көтеріледі. Денесі бөртіп, буын-буыны сырқырай бастайды. Ел билігі қауіпті дерттің одан ары таралуын болдырмас үшін ғалымдарды жұмылдырып, түрлі амалдарды іздеуде. Қазір қоршаған ортаға паразит масаларды жоятын стерильденген масалар жіберілді. Ауру таратушы жәндіктер шоғырланатын өзен-көлдерді анықтауға заманауи технология қолданылуда. Сонымен қатар маса дернәсілдерімен қоректенетін 4 200 дана дөңмаңдай балықтары пайдаланыла бастады. Әуеге арнайы дрондар ұшырылып, бақылау жүргізіліп жатыр. Алайда әзірге нақты нәтиже болмай тұр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.