Астанада жүздеген ұстаз Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады

Биыл еліміз қазақтың ұлы ақыны, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын кең көлемде атап өтуде.

Астанада Тамыз конференциясы аясында ұстаздардың дәстүрлі форумында жүздеген ұстаз Абай Құнанбайұлының әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

400 педагог Тамыз конференциясы аясындағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Педагогтердің кәсіби дамуы: болашаққа бағдар» панельдік сессиясын Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап ашты. Ақынның бұл әні домбырамен шырқалды.

Іс-шараны №87 Абай атындағы мектеп-гимназия ұйымдастырды. Сол сияқты жиында Абайдың әндері, өлеңдері мен қара сөздері орындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.