Ветеринарлық бақылау қатаңдайды

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында ветеринарлық және фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Өңірлерде ауыл шаруашы­лығы жануарларын АШЖБ жүйе­­­­сінде тіркеу мәселесі әлі де өзек­ті. Мал басын толық циф­р­лан­дыру және эпизоотиялық жағ­дайды бақылау сапасын арт­тыру мақсатында Серік Жұ­ман­ғарин АШМ-ге әкімдік­тер­мен бірлесіп, ауыл шаруашылығы са­нақтары кезінде нақты шара­лары бар жол картасын жедел әзірлеуді тапсырды.

«2023 жылдан бастап Қа­зақ­стан вакцина мен диагнос­ти­ка­ның отандық өндірісін ұлғай­ту­да. Отандық препараттардың үле­сі 68%-дан 82%-ға дейін өсті. Ел­де сатып алынатын 22 вакци­на атауының 18-і өзімізде шыға­ры­лады», – деді ауыл шаруа­шы­­лығы вице-министрі Аман­ғали Бердалин.

Сондай-ақ осы жылдан бас­тап зертханалық базаны жаң­ғыр­­­ту басталды. Алдағы екі жыл­­­да Қазақстан бойынша жаб­­­дықты жаңарту толық аяқ­тал­мақ. Биыл Ұлттық вете­ри­на­рия референттік орталығы мен Республикалық ветеринария­лық зертхананың жабдықтары жаңартылатын болады.