БАҚ: Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздың денсаулығы нашарлады

Бұл туралы RadarOnline басылымы жазды.

Портал мәліметінше, Ұлыбритания королінің денсаулығы күрт нашарлап, Норфолктегі үйінде әрең қозғалып жүр.

"Король ауыр, бірақ үмітсіз дертпен күресіп жүр. Бұл – оның өміріндегі қайғылы кезең. Дегенмен ол бәріне "бар күшіммен шыдап, жігерімді жоғалтпауға тырысып жүрмін" дейді", – деп жазылған ақпаратта.

Былтыр  ІІІ Чарльзға қуықасты безіндегі онкологиялық дертке байланысты ота жасалған. Ал ақпанда Букингем сарайы ресми түрде диагнозды растаған болатын. Қоғамдық іс-шаралары азайғанына қарамастан, монарх мемлекет басшысы ретіндегі міндетін атқарып келеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.