Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан атындағы ауданындағы "Восток" ықшамауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жиһаз өртенді.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баспалдақ арқылы 15 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Сонымен қатар екі адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен шығарылды.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт шағын аумақта толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.