Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ришат Хайбуллин Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындарында үшінші орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы «жылдамдық» бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
Бірінші орынды Қытай спортшысы Цзянь Го Лун иеленді. Екінші болып Индонезия өкілі Киромал Катибин мәреге жетті.
Әмір Маймұратов – 15-орын, Бекнұр Алтынбеков – 23-орын, Дамир Тоқтаров 28-орынға тұрақтады.