Жапония Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерге 4 млрд теңге бөледі

Қаражатқа Семей медицина университетінің госпиталіне диагностикалық және емдеу аппараттары алынады, - деп хабарлайды Аikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Заманауи жабдықтармен дертті ерте анықтауға болады - дейді мамандар. Зардап шеккен тұрғындарға медициналық қызмет те тегін көрсетіледі.

Жалпы 1949–1991 жылдар аралығында Абыралы өңірінде 497 ядролық жарылыс болған. Абай өңірінде полигоннан нақты қанша адам зардап шеккені белгісіз. Алайда өңір халқы радиацияның әсерін әлі күнге сезіп келеді.

Барлық қажетті құжаттар рәсімделіп, арнайы орталық ашылғаннан кейін, жабдықтар алынады. Медицина университетінің өкілдері бұл жұмысты 2026 жылдың соңына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отыр. «Комитет полигон-21» қоғамдық бірлестігі мен жергілікті билік өкілдері кешенді жұмыс жоспарын әзірлейді. Осы арқылы жарылыстың зардабын шеккендердің нақты санын анықтамақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.