Әйелдер күресінен әлем чемпионатында Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?

Әлемдік додада Қазақстан әйелдер құрамасының атынан тоғыз балуан өнер көрсетеді.

17-24 тамыз аралығында Болгарияның Самоков қаласында U20 жас санатында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлемдік додада Қазақстан әйелдер құрамасының атынан тоғыз балуан өнер көрсетеді.

Төменде жарысқа қатысатын спортшылардың тізімі көрсетілген:

50 келіге дейін: Мейрамгүл Ахметжан

55 келіге дейін: Алиана Махамбетова

57 келіге дейін: Анна Стратан

59 келіге дейін: Әнел Шоқабаева

62 келіге дейін: Айдана Шораева

65 келіге дейін: Қыз-Жібек Жарқынбаева

68 келіге дейін: Сабина Төрей

72 келіге дейін: Мейрамгүл Мақсот

76 келіге дейін: Алина Ертөстік.