Батыс Қазақстан облысына қарасты Зашаған кентінде әйел адам нәрестесін қоқысқа лақтырып кеткен, - деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.
Оны сол маңдағы адамдар көріп, полицияға хабарлаған. Оқиғаны Полиция департаменті растады.
- Қазір табылған нәрестенің анасы іздесіріліп жатыр, оқиғаның мән жайы анықталуда, - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали.
Сәби тірі ме, өлі ме белгісіз. Полиция ол туралы ақпарат бермеді.
Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА, Батыс Қазақстан облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.