«Күйеуімнен 2-3 рет таяқ жедім»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды (видео)

Әнші үйдің кенжесі болып өскенін жеткізді.

Әнші Жазира Байырбекова күйеуі Жанболаттан бірнеше рет таяқ жегенін айтты,  деп жазды Aikyn.kz.

Әнші үйдің кенжесі болып өскенін, ерке болғанын жеткізді. 

"Өтірік айтпай-ақ қояйын, таяқ жедім. Бірақ көп емес, 2-3 рет. Үйдің еркесі едім, бетімнен қақпай өсірді. Сол мінезіммен жолдасыма қарсы сөйлеймін деп тілімнен таптым. Ал қазір ол тілді қалай жайғастыруға болатынын біліп алдық қой", – деді Жазира Байырбекова "Ұят емес" бағдарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.