Ерте піскен қарбыз бен қауын адам ағзасына қауіпті ме?

Биолог ерте піскен қарбыз бен қауынды тек тексерілген орындардан сатып алуға кеңес берді.

Ерте піскен қарбыз бен қауында нитрат деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бұл, әсіресе, үш жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті. Бұл туралы сарапшы Виталий Наполов NEWS.ru басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, қарбыз немесе қауынның құрамында нитрат жоғары деңгейде екенін дәмінен, сыртқы түрінен анықтау мүмкін емес. Мұны тек арнайы жабдықталған зертханада анықтауға болады.

Биолог ерте піскен қарбыз бен қауынды тек тексерілген орындардан сатып алуға кеңес берді.

Қарбыздың 90%-дан астамы судан тұрады. Ол ағзаны ылғалдандырып, артық натрийді шығарады. Құрамындағы калий, С, А және В6 дәрумендері жүрек жұмысына, тері мен иммунитетке оң әсер етеді. Бұдан бөлек, қарбыз құрамында ликопин бар, бұл – жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуға көмектесетін табиғи антиоксидант.