Абай тойында түйе балуан анықталды

Түйе балуанға OMODA автокөлігінің кілті табысталды

Абай тойының өгіз және түйе балуандары анықталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Abai aqparat таратқан мәліметке сәйкес, түйе балуан атағын Жарылғанов Нұрдәулет (Маңғыстау облысы) иеленіп, оған OMODA автокөлігінің кілті табысталды. 2-орынды Қажыбаев Ерасыл (Абай облысы) оған 2 млн теңге берілді. 3-орынды Қоблан Нұрсұлтан (Қостанай облысы) мен Қырықбай Ғалымжан (Жамбыл облысы) иеленіп, әрқайсысы 1 млн теңгеден алды.

Өгіз балуандар сайысында 3-орынды Қайырбеков Мейірбек (Абай облысы) пен Аманшүкіров Нұр (Жамбыл облысы), оларға 500 мың теңге, 2-орынды Тоқтасынұлы Тілек (Жетісу облысы), оған 1 млн теңге, ал 1-орынды Еркінұлы Жігер (Алматы қаласы) иеленіп, оған JAC автокөлігінің кілті табысталды.