Бір жарыста екі боксшы ауыр жарақаттан қаза тапты

Кәсіпқой жапон боксшысы Хиромаса Уракава 29 жасында жекпе-жектен кейін қайтыс болды.

Спортшы 2 тамызда Токиода өткен турнирде өнер көрсеткен. Ол сегізінші раундта отандасы Едзи Саитоға техникалық нокаутпен жеңілген, – деп хабарлайды Аikyn.kz Sportinside-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек барысында Уракава басынан ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған миға қан құйылуына байланысты операция жасап, бас сүйегіне трепанация жасады. Медициналық көмекке қарамастан, сенбі күні спортшы көз жұмды.

"Бұл өте ауыр сәтте оның отбасына, жақындарына және жапон бокс қауымдастығына шын жүректен көңіл айтамыз", – делінген WBO хабарламасында.

Уракава – осы турнирде жекпе-жектен кейін қаза тапқан екінші спортшы. Бір күн бұрын WBO жапон боксшысы Сигетоси Котаридің қазасын хабарлаған. 28 жастағы спортшы да титулдық жекпе-жектен кейін дәл осындай жарақаттан көз жұмған.

Айта кетейік, Уракава кәсіби рингте 10 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңілген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.