Aikyn.kz OpenAI-дің жаңа моделін тегін қолдану мүмкіндіктерін bgr.com сайтының хабарламасына сүйеніп түсіндіреді.
GPT-5 сонымен бірге Microsoft Copilot өнімдерінің әртүрлі нұсқаларында да тегін болады. Олардың ішінде Windows, Mac, iPhone және Android үшін Copilot қосымшалары мен веб-нұсқалары кіреді. Бұдан басқа GPT-5 Microsoft-тың көптеген қызметтеріндегі ЖИ-дің негізі ретінде қолданылады.
ЖИ мүмкіндіктерін бірден сынап көргісі келетіндер Microsoft Copilot қосымшасында жаңа Smart (GPT-5) моделін таңдап, оны пайдалана алады. Smart (GPT-5) тапсырманың күрделілігіне қарай «жылдам немесе терең ойланады». ЖИ тапсырмаға күрделі талдау қажет пе, қосымша уақыт керек пе, әлде бірден жауап бере ала ма – бұның бәрін автоматты түрде анықтайды.
Windows компьютерінде Microsoft Copilot бар пайдаланушылар GPT-5-ті өзінің географиялық аумағында іске қосылған жағдайда дәл қазір пайдалана алады. GPT-5-тің барлық ChatGPT пайдаланушыларға жетуі үшін біраз уақыт қажет.
GPT-5-ті браузер арқылы Microsoft Copilot-та пайдалану үшін Microsoft тіркелгісіне кіру міндетті емес. Mac, iPhone және Android үшін Copilot қосымшасы арқылы GPT-5-ке тегін қол жеткізуге болады.
Microsoft 365 Copilot-қа белсенді жазылым болса, онда Copilot дәл сол GPT-5 моделін пайдаланады. Microsoft мәлімдегендей, бұл қосымшалар күрделі логиканы жақсырақ орындайды, ұзақ диалогтарды қолдайды және пайдаланушының контекстін түсінеді. Microsoft 365 Copilot электрондық пошталармен, құжаттармен және файлдармен жұмыс істегенде талдау қабілетін қолдана алады.
Azure AI Foundry әзірлеушілерге GPT-5-ті Visual Studio Code ішінде, код редакторынан шықпай-ақ пайдалануға мүмкіндік береді. GPT-5-тің барлық үлгілері Azure AI Foundry арқылы әзірлеушілерге қолжетімді. GPT-5 әзірлеушілерге үш нұсқада ұсынылады: GPT-5, GPT-5 mini және GPT-5 nano.
OpenAI CEO-сы Сэм Альтманның өзі жаңа буын чат-боттың жұмысына таңырқауын баса алмай былай деген:
«GPT-5-тен кейін бұрынғы модельдерге қайта оралғың келмейді. GPT-3 мектеп оқушысын, GPT-4 колледж студентін еске салса, ал GPT-5 докторлық дәрежесі бар сарапшыға ұқсайды».
Бұндай алаңдаушылық туралы Aikyn.kz шілде айында «ChatGPT-ге эссе жаздырмаңыз, ол – апат құралы болуы мүмкін» атты материалында жазған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.