Жаңа емхана салынды

AMANAT» партия­­сы­ның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында Алматы облысында ауылдық жерлерде 38 жаңа медициналық ны­сан салынуда.

Солар­дың бірі – Райымбек ауданының Нарын­қол ауылында бой көтеріп жатқан 250 адам қабылдайтын заманауи емхана. Жоба шалғайдағы тұрғындардың сапалы медициналық қызметке қолжетім­ділігін арттыруды көздейді.

Облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері нысанға барып, құрылыс барысын тексерді. Қазіргі уақытта жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Жо­баның жалпы құны шама­мен 4,4 млрд теңгені құрай­ды. Емхананы 2025 жыл­дың қазан айында толық пайдалануға беру жос­парланған.

«Аудандағы фракция мүшелері ғимарат құры­лысының сапасы мен уақ­тылы аяқталуын қадағалап отыр. Бұл емхана ашылған соң шалғай ауыл тұрғын­дарының сапалы медици­наға қолжетімділігі едәуір артады. Мұнда 10 төсек-орындық күндізгі ста­цио­нар мен көз ауруларын хи­рургиялық жолмен ем­дей­тін офтальмо­логия­лық ор­талық ашылады», – дейді «AMANAT» партиясы Ал­маты облыстық филиалы­ның атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов.

Айта кетейік, облыс бо­йынша жоспарланған 38 медициналық нысанның 18-і қазірдің өзінде пайда­лануға беріліп, ауыл тұр­ғын­дарына қызмет көрсе­тіп жатыр. Қалған ны­сан­дардың құрылысы кезең-кезеңімен аяқталып, өңір­дегі медицина инфра­құ­рылымы айтарлықтай жа­ңармақ.

Елнар ЕЛТАЙ