Тұңғыш рет кітапханашы ақындар арасында жыр мүшәйрасы өтті

Байқаудың мақсаты – мәдениет пен әдебиетті, ұлттық ғылым мен өнерді қолдау, кітапхана мен кітапханашы еңбегін насихаттау.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы тұңғыш рет кітапханашылар мен кітапхана саласында қызмет ететін ақындар арасында «Абайдың алып айдыны» тақырыбында республикалық жыр мүшәйрасын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына  арналып өткізілді. 

Жыр додасына еліміздің түкпір түкпірінен 100-ге жуық үміткер өтінім жіберіп, ақтық сында 75 қатысушы өзара бақ сынады.

Жыр мүшәйрасының жүлдегерлері мен арнайы номинация иелеріне арнайы ақшалай сыйлықтар мен дипломдар, «Абай – 180 жыл» мерейтойлық төсбелгілері табысталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.