Халықаралық әріптестік нығаяды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов дамушы теңізге шыға алмайтын елдер жөніндегі БҰҰ-ның Үшінші конференциясы (LLDC3) аясында ұйымдастырылған Парламенттік форумға қатысты.

Халықаралық парламенттік одақтың, UN-OHRLLS және Түрік­менстан Парламентінің қолдауымен өткен форум барысында тұрақты дамудың негізгі мәселелері, Аваза іс-қимыл бағдарламасын іске асырудағы парламенттердің рөлі, сондай-ақ өңірлік және халықара­лық әріптестікті нығайту жолдары талқыланды.

Форум қатысушылары LLDC елдері парла­мент­тері арасындағы күш-жігерді үйлестірудің маңыз­дылығын атап өтті. Бұл, ең алдымен, көлік және сауда инфрақұрылымын дамытуға, есептілікті қамтамасыз етуге және инсти­ту­цио­нал­дық тұрақтылықты арттыруға бағыт­талған заңнамалық бастамаларды ілгерілету үшін қажет. Сонымен қа­тар теңізге шыға алмайтын ел­дердің мүдделерін көздейтін көп­жақты сауда жүйесін қалып­тасты­ру, бейбітшілік пен сенімді ны­ғай­ту және тұрақты даму мақ­сатында парламенттік ынты­мақ­тастықты күшейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Форум қорытындысы бойын­ша Аваза іс-қимыл бағдарла­ма­сының мақсаттарын жүзеге асыруға ұлттық парламенттердің белсенді қатысуын және ынты­мақтастық­тың негізгі басымдықтарын бе­кітетін Пар­ламенттік декларация қабылданды.

Қазақстан делегациясының мұндай халықаралық іс-шараларға қатысуы еліміздің парламенттік дипломатия саласындағы ұстаным­дарын одан әрі нығайтуға, сондай-ақ тұрақты даму мен өңірлік ынты­мақтастық салаларындағы ұлттық мүдделерді ілгерілетуге ықпал етеді.

Б.ИКРАМОВА