Aikyn.kz ЖИ-дің еңбек нарығына ықпалын bgr.com сайтының хабарламасына сүйеніп талдайды.
Бүгінгі «ЖИ революциясы» үрей туғызуы мүмкін. Бірақ көп сарапшылар жасанды интеллект кейбір жұмыс орындарын уақытша алмастырғанымен, адамдар басқа салалардан оңай жұмыс таба алатынына сенеді.
Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, кейбір мамандықтардың болашақта ЖИ тарапынан толығымен алмастырылуы мүмкін екенін жоққа шығару қиын. Тіпті ЖИ саласының «қамқоршы әкесі» Geoffrey Hinton бұл технологияның бірқатар мамандықтарды алмастыратынын ашық мойындаған болатын. Енді бұл пікірге Microsoft та қосылды.
Технологиялық алпауыт ЖИ мүмкіндіктерін белсенді қолданып жүр. Жақында компания зерттеушілері arXiv платформасында жариялаған жаңа зерттеуде ЖИ ең алдымен оқытушыларды, кеңесшілерді және жазушыларды алмастыруы мүмкін екені айтылады.
Зерттеуде ЖИ қолданылу ықтималдығы ең жоғары салалар ретінде ауызша және жазбаша аудармашылар, тарихшылар, бортсеріктер, сауда агенттері, жазушылар мен контент жасаушы авторлар, сондай-ақ клиенттермен жұмыс істейтін қызметкерлер көрсетілген. Бұл салалардағы мамандарға ЖИ дамуын жіті бақылауда ұстауға кеңес беріледі.
Бұл ЖИ-мен адам еңбегінің арасындағы басты айырмашылықтардың бірі. ЖИ адамдардың техникалық дағдыларын меңгеруі мүмкін. Бірақ ол ешқашан адамның жұмысына тән шығармашылықты, эмпатияны және адамдық жылылықты жеткізе алмайды.
Бұған қоса, ЖИ әлі де жиі «галлюцинацияға» ұшырайды. Яғни, лағып кетеді, жалған мәліметтер береді. Бұл – бөлек әңгіме.
Негізгі ой мынандай. ЖИ барлық мамандықтарды бірден алмастырмайды. Ал егер ондай жағдай бола алса, адамның қолымен атқарылатын жұмыстар ешуақытта жойылмайды. Әрине, гуманоид-роботтар жылдам жетіліп келеді. Бірақ адамша икемділік оларда ұзақ уақыт болмайтын шығар. Кім біледі?
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.