Ақтөбедегі жол апаты: 4 жолаушы қаза тапты

Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алға – Ақтөбе тасжолында Toyota Camry және Toyota Highlander автокөлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Жол апатынан Toyota Camry автокөлігінің төрт жолаушысы қаза тапты, ал Camry жүргізушісі мен Highlander автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жолда мұқият әрі жауапты болуды сұрайды.