Испандық AS басылымының хабарлауынша, мадридтік «Реал» жаңа маусымды бар болғаны екі негізгі шабуылшымен бастайды.
Команданың басты үміті – Килиан Мбаппе, ал оның ауыстырушысы кім болатыны әзірге белгісіз. Бұл орынға екі ойыншы таласып отыр: Эндрик пен Гонсало Гарсия.
Өткен маусымда Эндрик Карло Анчелоттидің қол астында көп ойынға шықпады, тіпті Клубтық әлем чемпионатына қатыспады. Алайда 19 жастағы бразилиялық футболшы жаңа маусымда Хаби Алонсоның сеніміне ие болып, өзін дәлелдеуге ниетті.
Ал мадридтік клубтың түлегі Гонсало Гарсия керісінше, КЧМ-2025 турнирінде жарқырап, төрт гол соғып, «Реалдың» үздік бомбардирі атанды. Ол да жаңа маусымда негізгі құрамнан орын алуды қалайды.
Қиындықтың бірі – екі шабуылшы да басқа клубқа жалға кетуден бас тартып отыр, ал «Реал» бірден екі форвардты ұзақ уақыт бойы қосалқы құрамда ұстамақ емес. Хаби Алонсо бұл мәселені маусым басталғанға дейін шешеді деп күтілуде.