Астанадағы ауруханада жүкті әйелге уақытылы көмектеспей, сәбиінен айырылды

Палатада бірге жатқан әйелдердің бірі бұл жайтқа куәгер болғанын айтады. Оның сөзінше, жағдайы ауыр әйел қатты қан кетіп, көмек сұрап айқайлағанымен, медициналық көмек тек 1 сағат 45 минуттан кейін көрсетілген.

Астанадағы облыстық №2 көпсалалы ауруханада жүкті әйел уақытында көмек ала алмай, сәбиінен айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға Манас көшесі, 22-үйдегі мекенжайда орналасқан медициналық мекемеде болған.

Палатада бірге жатқан әйелдердің бірі бұл жайтқа куәгер болғанын айтады. Оның сөзінше, жағдайы ауыр әйел қатты қан кетіп, көмек сұрап айқайлағанымен, медициналық көмек тек 1 сағат 45 минуттан кейін көрсетілген.

Куәгердің айтуынша, науқас ауруханаға екі күн бұрын түсік тастау қаупімен түскен. Алғашқы күндері жағдайы бірқалыпты болғанымен, сол күні кенеттен күрт нашарлаған.

«Біз сөйлесіп, бір-бірімізді жұбатып отырғанбыз. Бүгін кенеттен жағдайы күрт нашарлап кетті. Қатты қан кетті. Мен көмек сұрап медбикені шақырдым. Бірақ ол дәрігердің бұйрығынсыз ештеңе істей алмаймын деп жауап берді», – дейді ол.

Куәгер әйелдің айтуынша, ауыр халдегі науқасқа ешкім нақты көмек көрсетпеген.

«Бәрі қарап отыр. Кімге хабарласпадым бір-біріне сілтейді. Ауруханада науқастар бақылауда болады деп ойлайтынмын. Бірақ бұл жерде біз өлімді күтіп жатқандаймыз», – деп ренішін жеткізді.