«Қолымен жасап жатқаны қандай үлгі?!»: Сәкен Майғазиевтің әйелін желідегілер мақтап жатыр

Бірі Динараның қарапайымдылығы мен еңбекқорлығына тәнті болса, енді бірі мұндай мазмұндағы видеоларды жариялау әлеуметтік әділетсіздік сезімін күшейтеді деп сынға алған.

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева әлеуметтік желідегі парақшасында ас дайындап жатқан сәтінен видео жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты sportinside.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол қолымен қамыр илеп, нан жайып жатқанын көрсетіп, жазбаға:

"Қазақы қонақжайлылық – біздің қанымызда! Қазақта тойдан кейін де қонақ үзілмейді. Сол үшін қашанда дайын болуға үйрендік!" – деп жазды.

Видео астындағы пікірлер сан алуан. Бірі Динараның қарапайымдылығы мен еңбекқорлығына тәнті болса, енді бірі мұндай мазмұндағы видеоларды жариялау әлеуметтік әділетсіздік сезімін күшейтеді деп сынға алған.

Желі қолданушыларының кейбірі:

"Берекелі келін екен! Қолымен жасап жатқаны қандай үлгі!" – десе, тағы бірі: "Ішіп-жегенін көрсетпей-ақ қойса қайтеді? Қиналып жүргендер де бар ғой...", "Келін қайда?" – деп пікір қалдырған.