Сахнаға қайта шығатынын мәлімдеп, тың жобаларымен жұрт алдына оралған әнші Төреғали Төреәлінің кезекті концертінен түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кең таралып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Белгілі болғандай, әнші жаңа шығармашылық кезеңінде продюсер ретінде Жан Мұқановпен жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда Төреғали концерттік бағдарламасымен ел өңірлерін аралап жүр. Осындай кештердің бірі Алакөл жағалауында өтті.
Концерт барысында әнші көрермендермен еркін тілдесіп, сахнада олармен ашық сұхбат құрған. Бұл жайт желі қолданушыларының да назарын аударып, түрлі пікірлер туғызуда.
"Сыра әкеп беремін бе, дейсің бе? Жоғи, қойғанмын қазір, қойдым ғой. Кеше тоқтаттым деген жоқпын ба! Ұят қой. Тағы да Алакөлге келіп, ішіп алыпты деп жүрсе. Дұрыс, анда-санда демалу керек. Бірақ жұмыс та істеу керек",-дейді Төреғали Төреәлі.
Ал бұған кейбір желі қолданушылары "сандырақтап кетті", - деп жазып жатыр.