Бұқтырмада 4 адам мінген қайық аударылып кетті

Туристердің қиын жағдайға тап болғанын балықшы байқап қалған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аударылған қайықтан адамдарды эвакуациялады, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларына Алтайка ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасында 4 адам мінген қайық төңкеріліп, адамдар борт сыртында тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті", - деп жазылған хабарламада.

Туристердің қиын жағдайға тап болғанын сол маңда жүрген балықшы байқап қалып, бәрін өз қайығына мінгізген.

Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп, азаматтарды катерге ауыстырып, қауіпсіз түрде жағаға жеткізді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ дауылды немесе желді ауа райында суға шығу кезінде өте сақ болуға шақырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.