24 шілдеде Камбоджа мен Таиланд арасында қарулы қақтығыс басталып, үшінші күн қатарынан жалғасуда, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Қақтығыс шекарадағы даулы аумақта – Прэах Вихеар храмының маңында орын алып жатыр. Екі тарап ауыр артиллерия мен әскери әуе күштерін (соның ішінде Таиландтың F-16 ұшақтары) қолданған. Камбоджа жағы да зымырандық соққылармен жауап берді.
Ресми деректер бойынша, кемінде 32 адам қаза тауып, 170 мыңнан астам тұрғын (130 мың – Таиландтан, 35–40 мың – Камбоджадан) қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Халықаралық ұйымдар мен БҰҰ тараптарды бітімге келуге шақырып жатыр, алайда атыс әзірге тоқтамай тұр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз