Жаңа медициналық нысанның ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Қаналиев, Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин, облыстық мәслихат депутаты Ақылбек Сағитов, облыстық «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Артур Ермұқанов және медицина ардагерлері, мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
«Партиямыздың «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының нақты орындалуы – осындай игі істерден көрініс табуда. Бүгінгі фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы – ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам. Бұл – елді мекендердегі медициналық қызметтің сапасын жақсартуға партияның нақты үлесі», – деді.
Жаңа нысан заман талабына сай жабдықталған: мұнда қабылдау бөлмесі, күндізгі ем қабылдау бөлмесі, емдеу бөлмесі, вакцинация кабинеті, туберкулезге қарсы кабинет, жеке акушер кабинеті және физиотерапия кабинеті қарастырылған.
Ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті сапалы әрі қолжетімді түрде көрсетуге мүмкіндік беретін бұл нысан – өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жолындағы маңызды бастамалардың бірі.