Мұз айдыны ашылды

Жаңаөзен қаласында «AMANAT» партия­сы­ның сай­лау­алды бағдарламасы аясында ангар типті көпфун­кцио­налды мұз айдынының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Маңғыстау обл­ыс­­ының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «AMANAT» пар­тия­сы Жаңаөзен қала­лық фи­л­и­алының төрағасы Темір Мұсаев қатысып, жергілікті тұрғындарды құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бала­ларды спорт­қа баулуға әрдай­ым ерекше мән беріп келеді. Міне, соның айқын дәлелі – бүгінгі іс-шара. Енді ата-ана­ға, жаттықтырушылар мен спорт ұйымдарына зор сенім арт­ы­лып отыр. Жас спорт­шы­ларымыз кәсіби жаттық­тыру­шымен бірге биікті ба­ғын­дыр­ып, жарқын жең­іс­тер­ге жететініне сеніміміз мол. Көк Туымызды көкке көтеретін нағыз саңлақтар осы мұз ай­дыны­нан шыға берсін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жаңа кешеннің құрылысы 2023 жылы басталып, 2024 жылы толық аяқталды. Жоба жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асты.

Нысанның жалпы аума­ғы – 1 100 шаршы метр, оның ішінде мұз алаңы – 960 шар­шы метр. Мұз айдыны бір мезетте 500 адамды қа­былдай алады. Спорттық кеш­ен­де ұл­дар мен қыздарға арналған жуыну, киім ауыстыру бөл­мелері, жаттықтырушылар мен меди­циналық қызмет­керлерге арнал­ған кабинет, сондай-ақ әкімші­лік бөлме­лер қарастырылған.

Кешеннің екінші қабат­ында балалар мен жасөспір­імдер спорт мектебінің тәр­би­е­лену­ші­леріне арналған аманауи жат­тығу залы орна­ласқан. Мұнда 10-18 жас ара­лы­­ғындағы алғаш­қы даярлық топтары мен жас спортшылар кә­сіби жаттық­тыру­шы­лар­дың жет­ек­шілігімен жатты­ғады.

Алдағы уақытта нысанда хок­кей, шорт-трек, мәнерлеп сыр­ға­нау және керлинг сын­ды олим­пиадалық спорт түр­лерінен тегін үйірмелер жұ­мысын бастайды.