Мемлекеттік кәсіпорында істейтін қызметкерлер міндетті түрде тапқан табыстары мен мүліктері туралы декларация тапсыру керек екен. Оны электронды түрде компьютердің көмегімен толтырады. Бір жас қыздан көмек сұрадым.
– Қарындас, мына қағазды қалай толтырады?
– Мұның ешқандай қиындығы жоқ, міне бәрі көрсетіліп тұр, – деп компьютерге үңілді.
– Ағай, үйіңіз бар ма?
– Жоқ.
– Жеріңіз бар ма?
– Жоқ.
– Бизнесіңіз бар ма?
– Жоқ.
– Көлігіңіз бар ма?
– Жоқ.
– Банкте жинаған ақшаңыз бар ма?
– Жоқ, қайдан болсын? – дедім.
– Ағай, сізде түк жоқ қой, – деп күліп жіберді.
– Қарындас, күлмеңіз. Мемлекеттік мекемеден жалақы алатындар осындай болады, – дедім.
Әлгі қыз аузын ашып отырып қалды...
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН