Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды. 

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі  стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді, – делінген арнайы хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.