Желіде қайынжұртынан сыйлық алған күйеубала қызу талқыға түсіп жатыр. Сыйлықты қыздың анасы тарту етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
“Сен біздің сүйікті күйеу баламызсың. Осы көліктің иесі – өзіңсің”, – деп кілтті табыстады қыздың анасы.
Желі қолданушылардың сөзіне сенсек, Ақтөбеде өткен тойда күйеубаласына қыздың ата-анасы автосалоннан су жаңа Lexus ES 250 маркалы көлікті сыйлаған.
Бұл тұста желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қыздың ата-анасын қолдап жатса, енді бірі танымай жатып, күйеубалаға қымбат сыйлық беруге қарсы екендерін жеткізді.
“Құлдықтың бірінші күні”, “Пайғамбар да күйеубаласын сыйлаған”, “Қырылып қалса машина жоқ”, “Келмей жатып, қымбат сыйлық бергені несі”, “Қайынжұрттан машина мінгенше, есек мінген артық”, “Күйеубала мәһрге машина сұраған болар”, – деп жазды көпшілік.