Қазақстандағы ең ауқымды және капиталды қажетсінетін мұнай-газ жобаларының бірі – «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС-ы «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық (IMBC) орталығының құрамына кірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жобаны жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық жүйесіне интеграциялау оны іске асырудың ең бастапқы кезеңінде жүзеге асады. Бұл қадам Энергетика министрлігінің бастамасымен қолға алынып, отандық компанияларды ірі жобаларға жүйелі түрде тартуға негіз болады. Мақсат – оператор мен отандық тауарлар мен қызметтер өндірушілері арасында жобаның бастапқы кезеңінен бастап тиімді әрі ашық өзара іс-қимылды жолға қою. Бұл тәсіл кедергілерді жоюға және жергілікті қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Қол қою рәсіміне Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, сондай-ақ «Теңізшевройл», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және «Kalamkas-Khazar Operating» жобаларының оператор компанияларының бірінші басшылары қатысты. Маңызды жиында жетекші компания басшыларының бой көрсетуі локализация және салалық сабақтастық бойынша ортақ ұстанымдарын көрсетеді.
IMBC орталығының экожүйесі «Kalamkas-Khazar Operating» компаниясына қазақстандық жеткізушілердің верификацияланған дерекқорына және салалық техникалық талаптардың бірыңғай базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде отандық өндірушілерге жобаның қажеттіліктері туралы алдын ала ақпарат алып, өндірісті сапа талаптарына бейімдеуге және сатып алуларға ашық әрі бәсекелі жағдайда қатысуға жол ашады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.