Еліміздің қай өңірінде жалақы көп екені мәлім болды

2025 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 423,1 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға жоғары.

Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы тоқсанында номиналды жалақы өссе де, азаматтардың сатып алу қабілеті төмендегені байқалып тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Finprom.kz порталы мәлімдеді.

2025 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 423,1 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға жоғары. Алайда нақты жалақының өсімі мұндай қарқынмен артпаған, яғни сатып алу қабілеті баяу өсуде.

Ең жоғары жалақы қай өңірлерде тіркелді?

Номиналды жалақы бойынша көшбасшы өңірлер:

  • Атырау облысы – 634,2 мың теңге
  • Маңғыстау облысы – 621,3 мың теңге
  • Ұлытау облысы – 599 мың теңге

Ал ең төмен жалақы төленетін өңірлер:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 300,1 мың теңге
  • Жетісу облысы – 308,4 мың теңге
  • Жамбыл облысы – 308,9 мың теңге

Номиналды жалақы өсіп жатқанымен, нақты жалақы төмендеп жатыр

Қазақстанның 20 өңірінің алтауы 2025 жылдың алғашқы тоқсанында нақты жалақы индексінің төмендеуін көрсетті. Бұл — азаматтардың сатып алу қабілетінің де азайғанын білдіреді. Яғни, қазіргі жалақы өткен жылғыдай тауар мен қызмет алуға жеткіліксіз.

Нақты жалақысы төмендеген өңірлер:

  • Батыс Қазақстан облысы – минус 5,2%
  • Атырау облысы – минус 3,9%
  • Шығыс Қазақстан облысы – минус 1,9%
  • Қызылорда облысы – минус 1,2%
  • Ақмола облысы – минус 1,1%
  • Маңғыстау облысы – минус 0,8%

Қай өңірлерде сатып алу қабілеті артты?

Қарағанды облысы — елдегі нақты жалақы өзгермеген жалғыз өңір, яғни индекс бұрынғы деңгейде сақталған.

Сатып алу қабілеті артқан өңірлер:

  • Абай облысы – 0,6% өсім
  • Ұлытау облысы – 9,1% өсім (ең жоғарғы көрсеткіш)
  • Басқа өңірлерде де нақты жалақы индексінің өсуі тіркелген.