Екінші орында – заңды лотереялар (491,7 мың адам) болса, үшінші орында – Қазақстанда тыйым салынған интернет-казинолар (484,1 мың адам). Сонымен қатар лицензияланған казинолар мен ойын автоматтары залдарында 495,4 мың адам, ал лицензияланған букмекерлік кеңселерде 456,3 мың адам құмар ойындарын тұрақты ойнайды.
Айта кетерлігі, бүгінде Қазақстанда 200 мыңға жуық азамат құмар ойындардан өз еркімен бас тарту мүмкіндігін пайдаланып үлгерген. Осындай деректер еліміздегі лудомания феномені мен оны дамытуға ықпал ететін факторлар туралы аналитикалық есепте де келтірілген. Есепке сәйкес, елдегі лудомандардың саны шамамен 442,5 мың адамды құрайды, олардың басым бөлігі – 18 бен 30 жас аралығындағы жастар.
Ойынға тәуелділер арасында ең үлкен үлесті құрылыс пен өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін немесе істеген адамдар құрайды – 18,3%. Одан кейінгі орында қаржы саласының өкілдері – 13,3%. Сонымен қатар лудомандар арасында мемлекеттік қызметпен тікелей байланысты болғандардың да үлесі айтарлықтай – 11,7%. Ойынға тәуелділіктің ауқымын құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру саласында көрсетілген қызмет көлемінен де анық көруге болады. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 100,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,7%-ға аз.