Балабақша құрылысы басталды

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жаңа балабақша салынып жатыр. Маңызды әлеуметтік жобаның жүзеге асуын «AMANAT» партиясы СҚО филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тікелей қадағалауда.

Құны 1,9 миллиард теңгені құрайтын бұл жобаны «Основание» ЖШС қолға алған. 2023 жылдың тамызында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы беріл­геннен кейін, құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ақпанында басталған. 

Құрылыс алаңына барған партиялық бақылау комиссиясының мүшелеріне мердігер компания өкілдері жұмыстың белгіленген мерзімге сай жүріп жатқанын және ешқандай кедергі туындамағанын айтты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыс­тарының 40 пайыздан астамы аяқтал­ған. «Основание» ЖШС өкілдері нысанды белгіленген кестеге сай, сапалы әрі уа­қы­тылы аяқтайтындарын мәлімдеді. Өз кезегінде партиялық бақылау ко­миссиясы бұл жұмысты тұрақты түрде назарда ұстайтынын жеткізді.

Жаңа балабақша заманауи талаптарға сай салынбақ. Бұл жоба облыс орта­лы­ғын­дағы білім беру инфрақұрылымының дамуына тың серпін беріп, бүлдіршіндерге қолайлы орта қалыптастыруға жол ашады.